Эндоскопиялық броулифтинг стационар жағдайында жалпы наркозбен жүргізіледі. Шамамен 1,5 см ұзындықтағы 2-3 кесу арқылы самай-маңдай аймағында микро бейнекамерасы бар эндоскоп тері астына еңгізіледі. Мониторда хирург операция аймағының анатомиялық құрылыстарының анық бейнесін алады.
Эндоскопиялық құралдардың көмегімен маңдай сүйегінің үстіңгі жұмсақ тіндері толығымен айырылады, содан кейін олар созылады, қайта бөлінеді және жаңа анатомиялық жағдайда бекітіледі. Бұл кезде маңдай терісі жоғары көтеріліп, қастар биік, көтерілген орынға орналасады, әжімдер мен беттің жоғарғы бөлігінің қатпарлары тегістеледі.
Операция максималды дәлдікпен, идеал симметрия мен табиғи нәтижені қамтамасыз ету үшін миллиметрге дейінгі дәлдікпен орындалады. Броулифтинг кесулерге косметикалық тігулерді салу және қысу байламын қолдану арқылы аяқталады.